Әке, ән айтып берейік пе?<

Әке, ән айтып берейік пе?

,

  • Автор

    Айдана Бауыржанқызы

  • Жанры

Басты кейіпкер – Бамбо ойын баласы болса да, ішінде нәзік, әрі айналасында болып жатқанның бәрін түсінеді. Анасы әкесінің соққысынан кейін тексерілуге қалаға кетеді. Түнде қызу келген әкесі қыздарының мазасын алады. Бамбо ұйқысынан оянғанда, әпкелері мектепте, әкесі досымен арақ ішіп отырғандықтан бірден ойынға кетеді. Түскі астың уақыты болып достары үйлеріне тарайды. Бамбо үйіне барса анасының жоқтығы қатты білінеді. Әкесіне қатты ашуланған қыз әжесіне барып әкесінің қандай жаман адам екенін айтпақшы болады. Бірақ әжесі түскі ұйқыға кеткендіктен бұл ойы іске аспай қалады. Қарны аш үйіне келе жатып құдықтан су ішуге тоқтаған сәтте кенет аспаннан жауған аппақ қар айналасындағы қоңыр күзді ақ түске алмастырады. Жапалақтармен ойнап, бар қиындықты ұмытып үйіне жеткенде әкесінің есікті іліп алып ұйықтап қалғандығы кішкене қызды одан бетер ызаландырады. Бірақ әкесі оянып өз-өзіне келгенде, пеш жағып, үйді жылытып, қаптың түбінде қалған ұннан бауырсақ пісіреді. Кішкентай болса да бұл әрекет Бамбоның жүрегіндегі әкесіне деген махаббаты оятқандай болады.

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін