«Байқоңыр-2017» кинофестивалінің аясында Оразхан Жақыппен кездесу өтеді
«Байқоңыр-2017» кинофестивалінің аясында Оразхан Жақыппен кездесу өтеді
16 қыркүйек күні сағат 19:00-де II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінде Khan Comics арт-студиясының басшысы, Қазақстан комикстерін шығарушы, суретші Оразхан Жақыппен кездесу өтеді.
Khan Comics жобасының негізін 2010 жылы Оразхан және жары Адиля Смағұлова қалаған. Бір жылдан кейін олардың «Kz-coMIX» атты алғашқы комикстер жинағы шықты. Қазіргі таңда студия 20-ға жуық жинақ шығарып үлгерді, олардың арасында «Ертегілер», «Дала», «Еркетай» және «Орда» атты туындылар танымал.
«Ертегілер», «Еркетай» және «Орда» комикстерінің мұқабасы
«Студиямыз пайда болғаннан бері 25-ке жуық жеке комикстер басылымын және тапсырыс арқылы 50-ден астам коммерциялық жинақтарды шығардық. Алдағы кездесудің тақырыбы – «Қазақстандағы суперкейіпкерлер. Олар кімдер?». «Байқоңырдың» қонақтары және қатысушыларымен бірге отандық кейіпкерлердің танымалдылығы мен олардың қазақстандық аудиторияның сұранысына сай келетіні-келмейтіні туралы әңгіме өрбітеміз»,- деп түсіндірді Оразхан Жақып.
Шара «Көк-Төбе» демалыс саябағында өтеді. Қонақтар кездесу барысында қазақстандық комикстермен танысып, алған әсерлерімен бөлісе алады.
Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз
, пікір қалдыру үшін